Илья Ильин отбасымен бірге референдумда дауыс берді

Бүгін, 18:55 / Алуа Арман

Танымал спортшы Илья Ильин отбасымен бірге барып референдумда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол дауыс беру учаскесінде түскен суреттерін желідегі парақшасында жариялады.

«Достар, бүгін жаңа Конституция бойынша референдум өтті. Біз бүкіл отбасымызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық. Әр адамды өз позициясын білдіруге шақырамын. Біз еркін елде — Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан еліміздің болашағына қатысу өте маңызды. Мен дұрыс таңдау жасағаныма сенемін. Өйткені мен тыныш, еркін және бақытты елде өмір сүргім келеді. Біздің балаларымыз осы жерде өсіп, білім алып, дамып, қоғамымызға пайда әкелсін. Бұрын біздің ата-аналарымыз бен ата-әжелеріміз қалай еңбек етсе, біз де солай елімізге қызмет етуіміз керек. Достар, барып өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Бұл біздің балаларымыздың және еліміздің болашағы үшін маңызды», - деп жазды ол.

Тэгтер:

спортшы Илья Ильин референдум Дауыс беру жаңа Конституция