Алматының жүз жастағы тұрғындары дауыс беруге келді

Бүгін, 18:44 / Алуа Арман
Алматы әкімдігі

Алматыда қаланың ұзақ жасаған тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келді. Жасына қарамастан, олар ел үшін маңызды оқиғаға қатысуды жөн көрген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Медеу ауданындағы №403 учаскеде Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Долбня дауыс берді. Биыл ол 100 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария сайлау учаскесіне жақындарымен бірге келіп, дауыс бергеннен кейін сайлау комиссиясының мүшелеріне жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтты.

Наурызбай ауданындағы учаскеге Камиля Қосымаева шөбересімен бірге келді. Биыл ол 101 жасқа толады. Кейуана ел үшін маңызды оқиғаларды назардан тыс қалдырмайтынын және дауыс беруге әрдайым қатысуға тырысатынын айтты.

Түрксіб ауданында 100 жылдық мерейтойын атап өткен тағы бір қала тұрғыны да учаскесіне өзі барып, дауыс беруге қатысты. Оның белсенділігі ниет болса, жас ерекшелігі еш кедергі емес екенін айқын көрсетті.

 

Тэгтер:

Алматы учаске референдум Дауыс беру жаңа Конституция