Шавкат Рахмонов Қонаевтағы учаскеде дауыс берді

Бүгін, 17:49 / Інжу Әлихан
gov.kz

Қонаев қаласында аралас жекпе-жек бойынша әлемдік аренада өнер көрсетіп жүрген белгілі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген әйгілі спортшы өз Отанындағы елеулі оқиғаларға айырықша назар аударатынын айтты. Оның пайымынша, Қазақстандағы оң өзгерістер елдің спорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.

Шавкат Рахмонов әлемдік шыңға ұмтылған әр спортшының патриот болуы маңызды екенін тілге тиек етті.