Прокуратуралар мен соттарға референдумға байланысты шағым түскен жоқ – Бас прокуратура

Бүгін, 17:27 / Ербұлан Қайрат
сурет: Орталық коммуникациялар қызметі

Бас прокуратура референдум процесі оқыс оқиғасыз, бірқалыпты өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта прокуратура органдарында және соттарға референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Бас прокуратура және барлық өңірлердің прокуратуралары референдум өткізудің заңдылығын қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр.

«Бүгін Қарағанды облысында онлайн платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауал салып, үгіт жүргізген. Ол заңсыз жазбаларын өшіріп, кінәсін мойындады. Сондықтан оған қысқартылған тәртіппен айыппұл салынды. Прокуратура органдарымен осы сияқты жағдайлар, оның ішінде бюллетеньдердің фотосуреттерін онлайн платформаларға қою барысы тіркеліп жатқанына назар аударады. Осы әрекеттерде құқық бұзушылық құрамының бар екені расталған жағдайда заңда белгіленген шаралар қабылданады», - деді ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Тэгтер:

референдум