Қазақстан жастары науқанға белсенді қатысып жатыр – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы

Бүгін, 16:54 / Ербұлан Қайрат
сурет: Орталық коммуникациялар қызметі

Халықаралық бақылаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір 161 халықаралық бақылаушы аккредиттелген. Бақылау Қазақстанның 9 өңірінде және шетелдегі 12 мемлекетте жүргізіліп жатыр. Байқаушылар 520-дан астам сайлау учаскесіне барған.
Миссия басшысы оған қызықты болып көрінген бір жаңашылдық туралы айтып өтті. Оның сөзінше, учаскелердің бірінде дауыс беріп шыққаннан кейін жас жігіт қызға үйленуді ұсынған, ал қыз келісімін берген.

«Бұл да Қазақстан жастарының электоралдық науқанға белсенді қатысып жатқанын көрсетеді. Айта кетейін, біз қоғамдық бақылаушылардың арасында көбіне жастардың көп екенін байқадық. Жастар шынымен де елдің болашақ дамуына алаңдайды, ойлайды. Менің ойымша, қабылданатын шешім Қазақстанның оң және тұрақты дамуы үшін қабылданады», – деді Игорь Петришенко.

Тэгтер:

референдум