Өмер Кожаман: Қазақстан – қуатты түркітілдес мемлекеттерінің бірі

Бүгін, 16:47 / Ербұлан Қайрат
сурет: Орталық коммуникациялар қызметі

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман өз пікірін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстан түркітілдес мемлекеттер арасындағы ықпалды әрі серпінді дамып келе жатқан елдердің бірі. Сонымен қатар аймақта маңызды рөл атқаратын мемлекет ретінде танылып отыр.

«Қазақстан – қуатты түркітілдес мемлекеттерінің бірі. Құрылымы да серпінді. Сондай-ақ аймақта үлкен күшке ие. Егер жаңа Конституция қабылданса, елдің даму мүмкіндіктері одан әрі кеңейеді», – деді спикер.

Айта кетейік, референдум барысында елдегі саяси үдерістерге халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылар да назар аударып отыр.

Тэгтер:

референдум