Ауыл ақсақалдары учаскеде бата берді – бақылаушы

Бүгін, 17:30 / Алуа Арман

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округінің тұрғындары республикалық референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Ауылдағы дауыс беру учаскесіне бақылаушы ретінде бекітілген Назерке Бейсебаева әсіресе ауыл ақсақалдарының дауыс беру процесіне қатысу маңызын айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ұйғыр ауданының Кетпен ауылдық округіндегі № 913 дауыс беру учаскесіндегі жағдайды бақылап отырмын. Округ тұрғындары, кәрі-жасы қалмай, таңертеңнен бастап дауыс беру учаскесіне келіп, белсенділік танытып жатыр. Себебі олар бұл саяси науқанның еліміздің болашағы үшін маңызды екенін түсінеді. Учаскеге келген ақсақалдар батасын беріп жатыр. Жалпы, халықтың көңіл-күйі өте жақсы. Дауыс беру учаскесі бойынша 1 500-ге жуық адам тіркелген. Қазір соның 60%-ға жуығы дауыс беріп үлгерді. Өңір тұрғындарының ұйымшылдығын байқауға болады. Барлық ұйымдастыру жұмысы талапқа сай жүргізіліп жатыр. Комиссия мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын да дұрыс жүргізуде. Ең бастысы – дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығы сақталып отыр. Бұл қоғамдағы сенім мен жауапкершіліктің көрінісі деп ойлаймын», – дейді бақылаушы.

Тэгтер:

учаске референдум бақылаушы Дауыс беру жаңа Конституция