"JanaMen" жобасының негізін қалаушы Айтым Жақыпов және оның қатысушылары жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша жалпы республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Бүгін барлық IBA "JanaMen" командасы, жобадағы Қазақстан азаматтары референдумда дауыс беріп, қолдауға келді. Бұл – бірінші кезекте, еліміздің, балаларымыздың және болашағымыздың игілігі үшін жасалған қадам", – деді Айтым Жақыпов Instagram-дағы жеке парақшасында.