Шөп үстіндегі хоккей құрамасы Өзбекстандағы Елшілікте дауыс берді

Бүгін, 15:57 / Ербұлан Қайрат

Республикалық референдумда Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігіндегі учаскеде Қазақстанның спортшылары да өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ-ге сілтеме жасап.

Дауыс беруге Қазақстанның әйелдер ұлттық шөп үстіндегі хоккей құрамасы, сондай-ақ Алматы облысының байдарка және каноэде есу командасы келген.

Спортшылар референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Тэгтер:

референдум