Қызылордада қазақ хандарының кейіпіндегі тұрғындар дауыс беруге келді

Бүгін, 15:39 / Алуа Арман

Қызылорда қаласындағы № 375 сайлау учаскесіне ерекше киінген азаматтар келіп, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала тұрғындары қазақ хандары – Қасым хан, Есім хан және Тәуке ханның бейнесіне енген.

Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазіргі Конституцияның рөлін атқарғаны тарихтан белгілі. Хандардың образында киініп келген азаматтар соны меңзесе керек.

Осылайша қала тұрғындары өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысып жатыр. 

Тэгтер:

Тәуке хан референдум Хан Дауыс беру Қасым хан Есім хан жаңа Конституция қазақ хандары