Абай облысында теміржолшылар ұжым болып дауыс беруге барды

Бүгін, 15:00 / Ербұлан Қайрат
сурет: 018.kz

Абай облысы Жаңғызтөбе округінде теміржолшылар ұжым болып дауыс беруге барды, деп хабарлайды turkystan.kz 018.kz-ке сілтеме жасап.

Теміржолшы Азамат Нұрғалиев өтіп жатқан референдумның маңызына тоқталып, пікірін білдірді:

Біздің таңдауымыз бүкіл халқымыз үшін маңызды. Біз – қазақстандықтар – жарқын болашақты таңдаймыз. Бұл дауыс беру елімізде лайықты заңдар қабылданып, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін өткізіліп отыр. Сондықтан біз, теміржолшылар, ұжым болып келіп, өз таңдауымызды жасадық, – деді ол.

Теміржолшылардың белсенділігі өңір тұрғындарының ел болашағына бейжай қарамайтынын және маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.

Тэгтер:

референдум теміржолшы