Семейдегі учаске маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Бүгін, 14:50 / Інжу Әлихан
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Семей қаласындағы №66 референдум учаскесінде мерекелік көңіл-күй қалыптасты. «Арена» мәдени-спорттық ғимаратында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, тұрғындарға жергілікті өндірушілердің түрлі өнімдері ұсынылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар референдумға дауыс берумен қатар, сапалы әрі қолжетімді бағамен көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.