Шымкентте 86 азамат инватаксимен дауыс беруге барды

Бүгін, 14:49 / Ербұлан Қайрат

Шымкентте шамамен 42 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат тіркелген, олардың 19 мыңнан астамына дауыс беру құқығы берілген. Қазір 86 азамат арнайы инватакси қызметін пайдаланып, сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш қалада азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды шаралардың іске асырылып жатқанын көрсетеді.

Тэгтер:

Шымкент инватакси референдум