Алматыда жазушы Зейнеп Ахметова референдумда дауыс берді

Бүгін, 14:43 / Алуа Арман

Белгілі қазақстандық жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова республикалық референдумға қатысты. Ол Алматы қаласының Медеу ауданындағы №359 референдум учаскесінде таңдау жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зейнеп Ахметова қазақтың ұлттық дәстүрлерін кеңінен насихаттаушы ретінде танымал. Сонымен қатар ол аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні.

Учаскеге келген жазушы ел үшін маңызды оқиғаларға азаматтардың қатысуының маңызын атап өтіп, әрбір дауыс мемлекеттің болашағы үшін мәнге ие екенін айтты.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, Медеу ауданында дауыс беру белсенді түрде өтуде. Түрлі жастағы тұрғындар мен қоғам өкілдері референдум учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатыр.

Тэгтер:

Зейнеп Ахметова референдум жаңа Конституция