Сәтпаевта учаскеге алғашқы болып келген зейнеткер кісіге сыйлық табысталды – бақылаушы

Бүгін, 14:00 / Інжу Әлихан

Ұлытау облысы Сәтпаев қаласындағы №35 дауыс беру учаскесіне алғашқы болып келген зейнеткерге сыйлық табысталды. Бұл туралы сол учаскеге бақылаушы болып бекітілген Үміт Оразалина айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бақылаушының айтуынша, осы уақытқа дейін 805 адам дауыс беріп үлгерген.     

«Ұлытау облысындағы №35 учаскеде дауыс беру процесі барлығы заңға сәйкес өтіп жатыр. Мұнда барлық қажетті жағдай жасалған, комиссия мүшелері өз міндеттерін орындап отыр. Халықтың дауыс беруі белсенділігі артып жатыр. Қала тұрғындары дауыс берудің маңызын түсінетіні анық байқалады. Осы уақытқа дейін 805 адам өз таңдауын жасады. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Дауыс беру әділ өтіп жатыр. 
Учаскеге алғашқы болып келген зейнеткер кісіге сыйлық табысталды. Сондай-ақ алғаш рет дауыс беруге келген 18 жастағы жігітке де сыйлық берілді», – деді бақылаушы.