Ел азаматтарының жартысынан көбі дауыс берді – Орталық референдум комиссиясы

Бүгін, 14:12 / Ербұлан Қайрат

Ел азаматтарының жартысынан көбі дауыс берді, Бұл 14:00-дегі жағдай, деп хабарлайды turkystan.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республиканың өңірлерінде және республикалық маңызы бар қалалар мен астанада азаматтардың белсенділігі мынадай:

Абай облысы – 61,04 %, Ақмола – 60,05 %, Ақтөбе – 61,37 %, Алматы облысы – 56,13 %, Атырау – 56,54 %, Батыс Қазақстан – 49,97 %, Жамбыл – 51,13 %, Жетісу – 59,82 %, Қарағанды – 57,32 %, Қостанай – 56,51 %, Қызылорда – 64,63 %, Маңғыстау – 53,14 %, Павлодар – 53,31 %, Солтүстік Қазақстан – 52,37 %, Түркістан – 58,03 %, Ұлытау – 52,06 %, Шығыс Қазақстан – 59,60 %.

Астанада дауыс беруге келушілердің көрсеткіші – 40,68 %, Алматы қаласында – 21,68 %, Шымкент қаласында – 58,24 %.

Жалпы алғанда, сағат 14:00-дегі дерек бойынша 6 471 378 азамат бюллетень алды, бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 51,93%-ы.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берсе, референдум өткізілген деп есептеледі.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі жаңартылған ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де жарияланады.

Тэгтер:

референдум Орталық сайлау комиссиясы