Қазығұртта 100 жастан асқан қария учаскеге барып дауыс берді

Бүгін, 14:02 / Ербұлан Қайрат
сурет: referendum2026.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіндегі №293 сайлау учаскесінде 100 жастан асқан Халық Әрипов өз таңдауын жасап, референдумға қатысты. Ғасыр жасаған ақсақалдың арнайы келіп дауыс беруі жас ұрпаққа үлгі болатын іс ретінде бағаланды, деп хабарлайды turkystan.kz referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.

Қария жиналған тұрғындарға ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен бірлігін, берекесі мен ынтымағын тіледі. Сондай-ақ, елдің болашағы жарқын болып, ұрпақ сабақтастығы жалғаса берсін деген ізгі тілегін жеткізді.

Көпшілік Халық Әриповтың белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, оны кейінгі буынға өнеге деп бағалады.

Тэгтер:

референдум