Алматыда дауыс беру учаскесіне батырлар кейпінде келген сайлаушылар ерекше көңіл күй сыйлады

Бүгін, 12:53 / Алуа Арман

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде тұрғындар дауыс беруге батырлардың костюмдерін киіп келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық образдардың жарқын көрінісі учаскеде бірден мерекелік әрі салтанатты атмосфера қалыптастырды. Сайлаушылар қонақтармен қуана суретке түсіп, мұндай бейнелер дауыс беру күнін ерекше есте қаларлықтай еткенін айтты.

Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша референдумды қолдап, тұрғындардың көңілін көтеріп, маңызды шешімдерді бірге қабылдау дәстүрін еске салғысы келген. Олардың сөзінше, ерте заманнан бері далада маңызды мәселелер ортақ талқыланып келген, сондықтан әр адамның қатысуы маңызды.

Тэгтер:

батыр референдум жаңа Конституция