Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №224 референдум учаскесінде Жас сайлаушылар клубының әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дауыс беру күні жастардан құралған волонтерлер қарт азаматтарға, көпбалалы аналарға және қозғалысы шектеулі тұрғындарға учаскелерге жетуге көмектесіп жатыр. Бұл бастама азаматтардың референдумға белсенді қатысуына қолдау көрсетуге бағытталған.
Атап айтқанда, автокөлік волонтерлері егде жастағы тұрғындарды үйлерінен алып келіп, дауыс беру учаскелеріне жеткізуде. Жастардың айтуынша, мұндай көмек көрсету – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
– Бүгін дауыс беруге келуіме жастар көмектесті. Үйімнен алып келіп, учаскеге дейін жеткізді. Осындай қамқорлық танытып жатқан жастарға алғысымды білдіремін. Бұл – үлкен қолдау, – деді дауыс берген тұрғын.
Айта кетейік, мұндай бастамалар азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына ықпал етіп, қоғамдағы өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.