Қызылордалықтардың референдумға белсенді түрде қатысып жатқаны көңіл қуантады – бақылаушы

Бүгін, 12:30 / Інжу Әлихан

Қызылорда қаласының тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр. Қаладағы №263 дауыс беру учаскесінде халықтың белсенділігі артып келеді. Бұл туралы республикалық референдумда бақылаушы болып отырған Аида Мыңбаева айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қызылорда қаласындағы №263 дауыс беру учаскесінде бақылаушы болып қатысып отырмын. 
Қазір учаскеде халық саны көбейіп, дауыс берушілердің белсенділігі артып келеді. Барлығы заң аясында бірқалыпты өтіп жатыр. Ұйымдастыру ісі өте жоғары деңгейде жүргізілген. 

Дауыс беру процессінде заң бұзушылықтар немесе ескертулер тіркелген жоқ. Дауыс берушілердің де, комиссия мүшелерінің де көңіл-күйі көтеріңкі. 
Азаматтар мұның ел болашағы үшін маңызды қадам екенін жете түсініп, референдумға белсенді түрде қатысып жатқаны көңіл қуантады», – деді ол.