Дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтіп жатқанын көріп отырмын – бақылаушы

Бүгін, 13:00 / Алуа Арман

Шығыс Қазақстан облысында жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға бақылаушы ретінде қатысып отырған Бақытгүл Құдайбергенова өзіне бекітілген дауыс беру учаскесіндегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Референдумда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданындағы №921 сайлау учаскесінде  «AMANAT» партиясының атынан референдумның әділ өтуін бақылап отырмын. Барлығы заң аясында, қалыпты өтіп жатыр. Азаматтар өз таңдауын жасауда. Бақылаушы болу – мен үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік. Референдумда ел тағдырына бей-жай қарамайтын әр азаматтың дауысы маңызды екенін көпшілік жақсы түсінеді. Бақылаушы ретінде дауыс беру үдерісінің ашық әрі әділ өтіп жатқанын көріп отырмын. Болашағымыз үшін жасалған әр таңдау – маңызды», – дейді бақылаушы.

Тэгтер:

референдум бақылаушы жаңа Конституция сайлау учаскесі