Қостанайда танымал сиқыршы сайлау учаскесінде шоу ұйымдастырды

Бүгін, 12:40 / Ербұлан Қайрат
сурет: referendum2026.kz

Қостанай қаласындағы №1 сайлау учаскесінде танымал иллюзионист Төрехан Жұманов шағын шоу ұйымдастырып, қолдың жылдамдығы мен шеберлігіне негізделген трюктерін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz referendum2026.kz-ке сілтеме жасап.

Дауыс беруге келген азаматтар өнер көрсетілімін қызығушылықпен тамашалап, иллюзионистпен естелік суретке түсіп, алған әсерлерін бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар сайлау учаскесінде көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырып, дауыс беру процесін тұрғындар үшін жайлы әрі есте қаларлық етеді.

Қала тұрғындары да мұндай форматтың қоғамдық маңызы бар күнді жағымды атмосферада өткізуге мүмкіндік беретінін айтып, шоу бағдарламаның көңіл күйді көтергенін атап өтті.

Тэгтер:

референдум сиқыршы