Абай облысы Әуезов кентіндегі металлургтер де ұжым болып белсенділік танытып, №373 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz 018.kz-ке сілтеме жасап.
Округ тұрғындарының басым бөлігін өндіріс саласының қызметкерлері құрайтындықтан, кеншілер мен металлургтер саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасады.
Бұл – бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарих барысына әсер ететін таңдау жасадық. Дауыс беру арқылы болашағымызды айқындаймыз. Егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, сайлауға қатысуы қажет. Бұл – халықты біріктіретін маңызды саяси науқан. Сондықтан баршамыз бірлік танытып, дауыс беруге белсенді қатыстық, – деді кенші Райхан Мұсабаева.
Референдумға металлургтер мен өндіріс саласының қызметкерлерінің қатысуы азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі болып, ауыл мен округтегі елдің саяси санасының жоғары екенін көрсетті.