Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы (ТМД ПАА) Кеңесі хатшылығының басшысы, Бас хатшы Дмитрий Кобицкий «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында байқаушылар тобы өз жұмысын референдум жарияланған сәттен-ақ бастағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Біз Қазақстан Республикасындағы барлық электоралдық процестерді реттейтін нормативтік құжаттар бойынша қорытынды дайындап жатырмыз. Олардың ТМД кеңістігіндегі ғана емес, жалпы әлемдегі референдумдарды ұйымдастыру және бақылау процестерін реттейтін көптеген халықаралық нормаларға сәйкес келетінін атап өтеміз. Біздің ұйым халықаралық бақылауды 30 жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келеді. Ал ТМД Парламентаралық Ассамблеясының алғашқы бақылау миссиясы 1994 жылы Қазақстанда өткен болатын. Сондықтан сайлау мен референдумдарды бақылау бойынша үлкен тәжірибе жинақтадық», – деді спикер.
Дмитрий Кобицкий сондай-ақ ұлттық байқаушылардың белсенділігіне тоқталды.
«Қазіргі уақытқа дейін ұлттық байқаушылар тарапынан да, Парламентаралық Ассамблея байқаушылары тарапынан да ешқандай ескертулер тіркелген жоқ», – деп қосты ол.
Байқаушылар тобы 58 адамнан тұрады, оның ішінде 23 бақылаушы шетелдегі учаскелерде жұмыс істеп жатыр.