Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылары референдумға дайындықты жоғары бағалады

Бүгін, 11:25 / Дана Ізтілеуова

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) бас хатшысының орынбасары Олег Копылов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн-марафоны кезінде референдумның ұйымдастырылу ісіне жоғары бағасын берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олег Копыловтың сөзінше, ШЫҰ миссиясы Қазақстанда 16-рет жұмыс жүргізіп отыр.

«Астанаға келу біз үшін әрдайым қуанышты. Біз жұмысымызды кеше бастадық. Астана қаласы мен Ақмола облысындағы бірқатар учаскелерді аралап, олардың техникалық дайындығын тексердік. Дайындық деңгейін жоғары деп бағалаймыз. Бүгін таңғы сағат 7.00-де бірнеше учаскенің ашылуынан бастап жұмысымызды жалғастырдық. Жалпы алғанда, ұйымдастыру мен техникалық дайындық ең жоғары деңгейде», – деді Олег Копылов.