Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға бақылаушы болып бекітілген Руслан Қонысов маңғыстаулықтар белсенді қатысып жатқанын айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ақтау қаласы №251 дауыс беру учаскесінде қазіргі жағдай тұрақты. Халықтың қатысу белсенділігі өте жоғары. Азаматтардың ел тағдырына алаңдайтыны байқалып тұр.
Заңбұзушылықтар мен ескертулер тіркелген жоқ. Себебі бұл жерде әрбір адамның азаматтық позициясы басты орында деп ойламын.
Осы рефрендумның ұйымдастырылуы уақытылы жасалып жатқан өзгерістер деп есептеймін.Ал дауыс берушілердің көңіл күйі жаман емес. Себебі Наурыз және Амал мерекесі қарсаңында өтіп жатқан іс-шара болғандықтан, Маңғыстау халқының көңіл күйі өте жақсы», – деді бақылаушы.