Абай облысында "такси апа" референдумда дауыс берді

Бүгін, 10:56 / Ербұлан Қайрат
сурет: 018.kz

Абай облысы Аягөз қаласының 79 жастағы тұрғыны Оразхан Манабаева республикалық референдумға қатысып, белсенді азаматтық позициясын тағы бір мәрте көрсетті. Қала жұртшылығы оны көп жылдан бері "такси апа" деген атпен жақсы таниды, деп хабарлайды turkystan.kz 018.kz-ке сілтеме жасап.

Оразхан Манабаева шамамен 40 жыл бойы такси жүргізушісі болып еңбек етіп, тұрғындарға қызмет көрсеткен. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында ол жергілікті халықтың зор құрметіне ие болып, көпшілік арасында "такси апа" атанып кеткен.

 Оның айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың елдің болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам.

Аягөз ауданында барлығы 40 референдум учаскесі жұмыс істейді. Ал дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны - 39 251 адам.

Тэгтер:

Абай облысы такси апа