Семейлік оқушы наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинады

Бүгін, 10:54 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Семейде Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің түлегі Ерасыл Сайлауов наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ол бүкіл Қазақстан бойынша үздік нәтиже көрсетті. Осы көрсеткіш негізінде Ерасылға ағылшын тілі бойынша 50 балдық айырбастау есептелді.

"Ерасыл бос уақытын шет тілдерін оқып, үйренуге арнаған. 10-сыныпта ол IELTS халықаралық емтиханын тапсырды. Оқудан басқа, волейболмен айналысады", - деп хабарлады ведомство.

Енді Ерасылдың басты мақсаты - тестілеу нәтижесін негізгі ҰБТ-да қайталау.

Сондай-ақ ол 140 балл иегері мәртебесін растап, "Дипломатия" мамандығы бойынша оқуға мемлекеттік грант алуды мақсат етіп отыр.