Сыртқы істер министрі референдумда дауыс берді

Бүгін, 10:51 / Ербұлан Қайрат
сурет: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев референдумда дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрі #51 референдум учаскесінде дауыс берді.

Референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаратын болады. Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты, 10 елдегі 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия). Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны - 14 380.

Тэгтер:

Сыртқы істер министрі референдум