Бұл күндері прокуратура мен соттар референдумға қатысты өтініштерді дереу қарауға міндетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгінгі таңда прокуратура органдары мен соттарға мұндай өтініштер түскен жоқ. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн-марафоны барысында хабарлады.
«Жалпы дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтуде. Референдумды өткізу кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады», - деді спикер.
Бекжан Қараманов заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырды.
«Бүгін дауыс беру күні үгітке тыйым салынғанын тағы да естеріңізге салғым келеді. Бұл талаптарды сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-ші және 120-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», - деді Б.Қараманов.