Референдум: Ең көп дауыс берген өңір анықталды

Бүгін, 10:28 / Інжу Әлихан
gov.kz

Орталық референдум комиссиясында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік сағат 10:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру көрсеткіші жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде көрсеткіш мынандай:

Республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енген азаматтардың 19,21 пайызын құрады. Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 12.00-де айтылады.