Абай облысының орталығы Семейде жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға бақылаушы ретінде қатысып отырған Әкежан Шарғали сайлау учаскесіндегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мен №73 сайлау учаскесінде бақылаушы ретінде референдум барысын бақылап отырмын. Учаскеде дауыс беру процесі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Барлық рәсім заң талаптарына сай, ашық және әділ жүргізілуде. Қазіргі уақытқа дейін 95 сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Бақылаушы ретінде дауыс беру процесінің барынша ашық әрі әділ өтуін қадағалап отырмын. Жалпы алғанда, рефрендум ешқандай кедергісіз өтіп жатыр», – дейді Әкежан Бауыржанұлы.