Маңғыстаулық абысындар референдумға бірге барды

Бүгін, 09:32 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Бүгінгі референдумға Мұнайлы ауданының тұрғындары белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Саяси науқаннан шет қалмай, өз дауыстарын бергендердің қатарында «Абысын ажын-2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанған мұнайлылық Айым ата әулетінің келіндері де бар.

«Абысын-ажын» байқауында топ жарып, өнегелі әулет ретінде танылған келіндер референдум күні дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, көпшілікке үлгі көрсетті. Олар референдумға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті.

Ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген әулет мүшелері бұл жолы да бірлік пен татулықтың, сондай-ақ азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.