Референдумда алғашқы 2 сағатта 180-нен астам адам дауыс берді – бақылаушы

Бүгін, 09:30 / Інжу Әлихан

Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға бақылаушы болып бекітілген Арайлым Әбдуалиева учаскедегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Астана қаласындағы  №317 дауыс беру учаскесіне «AMANAT» партиясынан бақылаушы болып тіркелдім. Қазір сайлау учаскесінде ахуал жақсы. Ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ. 2 сағаттың ішінде 180-нен астам адам дауыс беруге келді. Қазір де келіп жатыр. 

Әзірге ескертулер тіркелген жоқ. Дауыс берушілердің көңіл күйі өте жақсы», – деді А. Әбдуалиева.