Референдум: 54 мемлекетте 14 380 қазақстандық дауыс бермек

Бүгін, 09:27 / Дана Ізтілеуова

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн-марафоны барысында шетелдегі дауыс беру учаскелеріндегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Арман Исетовтың айтуынша, шетелде шетелде 34 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Оларда дауыс бергендер саны – 350 адам. Шетелде алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады. 

«Жалпы Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 54 мемлекетте 71 референдум учаскесі құрылды. Шетелде дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адамды құрайды», – деді Арман Исетов.

Сонымен қатар, 14-16 наурыз аралығында Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне көмек көрсету орталықтары» жұмыс істейді.