Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 09:19 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы айырбастау орындарында қазір:

АҚШ доллары 487,00 теңгеден сатып алынып, 495,55 теңгеден сатылуда;

Еуро 557,00 теңгеден қабылданып, 567,00 теңгеден ұсынылуда;

Ресей рублі 6,00 теңгеден сатып алынып, 6,30 теңгеден сатылып жатыр;

Қытай юані 72,34 теңгеден қабылданып, 76,07 теңгеден сатылуда.

Ал Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде:

АҚШ доллары 490,91 теңгеден сатып алынып, 493,08 теңгеден сатылуда;

Еуро 560,85 теңгеден қабылданып, 566,47 теңгеден ұсынылуда;

Ресей рублі 6,07–6,22 теңге аралығында саудалануда;

Қытай юані 72,03–74,71 теңге аралығында айырбасталып жатыр.