Қазақстан аумағынан теміржол арқылы өтетін қырғыз тауарларына тосқауыл қойылмайды
Қазақстан аумағынан теміржол арқылы өтетін қырғыз тауарларына тосқауыл қойылмайды
Еліміздің аумағы арқылы теміржолдан өтетін қырғыз тауарына тосқауыл қойылмайды. Кедергі болған жағдайда, бірден жойылады. Мұндай келісімге Қазақстан мен Қырғызстан тараптары ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы проблемалар жөнінде өткен видеоконференция кезінде келді. Бұл туралы хабарлайды Қырғызстанның экономика министрлігіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, жиналыс кезінде тараптар Ресейге салынған санкцияларға байланысты жекелеген тауарлардың үшінші мемлекеттен Беларусь арқылы Қазақстан және Қырғызстанға өтуіне тыйым салу жөнінде де талқыланған.
Жылдың басында Қырғызстан Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Ибраевадан ветеринарлы бақылауға жататын азық-түлік тек қана темір жол арқылы өтуге тиіс екенін, көлік арқылы тасымалдауға тыйым салынатыны жөнінде хат алған.
Кейін қырғыз үкіметі Қазақстан арқылы өтетін жүк көліктің барлық түрі арқылы тасымалдануға тиіс деп жауап берді. Тіптен Жогорку Кеңештің кейбір депутаттары Қазақстанға қатысты жауапты шара қолдануды ұсынған еді.