Төтенше жағдайлар министрі референдумда дауыс берді

Бүгін, 08:29 / Алуа Арман
ТЖМ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов республикалық референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ басшысы Астанадағы ҚР Президенттік орталығында орналасқан № 176 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс беру күні бүкіл ел бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері республикалық референдумға қатысады.

Тэгтер:

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов