Референдум: Токиода оқитын отандасымыз алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгін, 03:27 / Нұрлан Әлинұр
Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының азаматтары референдумда өздерінің конституциялық құқықтарын алғашқылардың бірі болып Жапонияда жүзеге асырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

СІМ-нің мәліметінше, алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы «Нихон» универститетінің 3 курс студенті Жібек Айдын болды.

«Қарастырылып отырған мәселе еліміздің алдағы даму бағыты үшін маңызды. Референдум өткізу ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам пікірін жан-жақты ескеруге мүмкіндік береді. Мемлекет әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай жасап отыр, ал біз үшін белсенді азаматтық ұстаным таныту – маңызды міндет», – деп атап өтті Ж.Айдын.

Ол сондай-ақ шетелде тұратын отандастарымыз Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

«Бұл – еліміздің болашағына қатысты жауапты шешім қабылдауға берілген ортақ мүмкіндік. Қабылданатын шешім Қазақстанның орнықты әрі серпінді дамуына оң ықпал етеді деп сенемін», – деп түйіндеді дауыс беруші.