Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Бүгін, 11:02 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚТФ

АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны (№9 WTA) екі сетте қапы қалдырды – 7:5, 6:4.
 
Бұл жеңіс Рыбакинаны финалға шығарып қана қоймай, оның әлемнің екінші ракеткасы деген жаңа мәртебесін бекіте түсті. Қазір Елена жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, матчтың шешуші сәттерінде қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай жүр.
 
Алдыда басты кездесу. Бас жүлде үшін Елена тағы да өзінің негізгі қарсыласы – Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, олардың соңғы рет Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын.