Белгілі кәсіпкер, Нұрлан Смағұлов Милан – Кортина 2026 қысқы Паралимпиада ойындары чемпионына автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кәсіпкер Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алған спортшыға Chery Tiggo 7 автокөлігі сыйламақ.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан аталған Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Ол парабиатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы шаңғы жарысында, «отырып жарысу» санатында үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.
Кәсіпкер спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, бұл жетістік табандылық пен ерік-жігердің, сондай-ақ ел намысы үшін күрестің жарқын үлгісі екенін атап өтті.