«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жеңіл автокөліктердің қозғалысына рұқсат етілді:
Абай облысы
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587-733-шақырымы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы);
• «Өскемен – Семей» автожолының 103-198-шақырымы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы);
• «Семей – Қайнар» автожолының 8-266-шақырымы (Семей қаласы — Қайнар ауылы).
Шығыс Қазақстан облысы
• «Өскемен – Семей» автожолының 12-103-шақырымы (Қазачье ауылына бұрылыс – Абай облысының шекарасы).
Павлодар облысы
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 426-587-шақырымы (Кенжекөл кенті — Абай облысының шекарасы).
• Осы жолдың 525-587-шақырым аралығы (Аққулы ауылы – Абай облысының шекарасы).
Жабық жолдар
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалысқа шектелді:
Ақмола облысы
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 346-407-шақырымы (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 407-429-шақырымы (Чистополье ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.