Бүгін «Алматы — Екатеринбург» автожолының 135-шақырымында екі автокөліктің соқтығысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соққының қатты болғаны соншалық, жүргізушілердің бірі көлік салонында қысылып қалған.
йОқиға орнына жеткен Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары бірден деблокада жұмыстарын бастады. Арнайы құралдарды пайдалана отырып, олар зақымданған есікті абайлап ашып, зардап шеккен адамға қосымша ауырсыну келтірмеуге тырысты", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, қазір дәрігерлердің бақылауында.