Атырау қаласының Д. Қонаев атындағы BINOM мектебінде 8-сынып оқушысы жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жайында жергілікті журналист Жанат Жақсыбайқызы ақпарат таратты.
"Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Полицияның мәліметі бойынша 9-сынып оқушысы үшкір затпен (пышақ, не қайшы) жарақат салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді дейді. Ал Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен оқушыға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, әрі қарай бақылау және ем алу үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін айтады. Қазір оқушының денсаулығы орташа ауырлықта", - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.
Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.