Ұлттық ұланда тракторшы мамандығын меңгерген үш сарбаз қызмет етеді

Бүгін, 17:29 / Інжу Әлихан
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінде сан түрлі мамандық иелері мерзімді әскери қызметтерін өткеруде. Павлодар қаласындағы әскери бөлімге Шығыс Қазақстан және Қостанай өңірінен құқықтық-тәртіп әскеріне арасында тракторшы мамандығын меңгерген үш сарбаз бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қатардағы жауынгерлер Егор Савельев, Андрей Жидяев және Владимир Давлетгариев трактор тізгіндеп, эксквавотор жүргізіп, бульдозер басқарып, комбайннің тілін білетін арнайы техникалардың жүргізушілері. Бірі әскерге дейін ауыр техникамен құрылыс саласында қарқынды жұмыс атқарса, бірі егіс алқабында маусым бойы еңбек етіпті. Арнайы мақсаттағы техникалардың құлағында ойнайтын жауынгерлер әскерге келіп те трактордан қол үзбегеніне қуанышты.

- 13 жасымнан бастап үлкен ағамды жанында жүріп, трактор жүргізуге машықтандым. Әскерге барар алдында жаз бойы жүргізген тракторымды тазалап, үстін жауып кеткенмін. Әскерге келген сәтте көк трактор көзіме оттай басылды. Қазір әскери бөлімге   тиісті техниканы жүргіземін. Әскер қатарында сүйікті мамандығымның іске жарағанына қуаныштымын, - дейді қатардағы жауынгер Егор Савельев.

Көк трактормен қатардағы жауынгерлер әскери бөлімге тиісті аймақтың қарын күреп, жер қазып тағы да басқа шаруашылық жұмыстарын атқарады. Трактордың қыр-сырын жетік білетін жауынгерлер техниканы күтіп ұстайды. Айта кетейік, 5512 әскери бөлімі Павлодар қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.