Мемлекет басшысына Ұлттық банк, Самұрық-Қазынаның цифрлық шешімдері таныстырылды

Бүгін, 16:33 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысына Жоғарғы сот пен Сот әкімшілігінің, Ұлттық банктің, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының цифрлық шешімдері таныстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік органдардың жетекшілері Президентке экономика салаларын және мемлекеттік басқаруды цифрлық тұрғыдан трансформациялау бойынша атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар жөнінде мәлімет берді.