Абай облысында жол жабылды

Бүгін, 16:03 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 13 наурыз сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына республикалық маңызы бар «Семей — Қайнар» автожолының 8-266 шақырым аралығында (Семей қаласы — Қайнар ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жолды 2026 жылғы 14 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

ауа райы автожол тасжол трасса