Халық сенімі – билік жұмысының өлшемі

Бүгін, 16:05 / Дана Ізтілеуова

Астана қаласы мәслихатының депутаты Мадина Ажикенова Мемлекет басшысының қатысуымен Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында ел­дің өңірлік дамуы мен жергілікті биліктің халық алдындағы жауап­кершілігіне қатысты өзекті мәселелерді көтергенін айтады, , деп хабарлайды turkystan.kz.

"Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен барлық деңгейдегі мәслихат де­путаттарының ІІІ республикалық форумына қатысып, маңызды жиын­ның куәсі болдым. Ауқымды басқосуға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, ел­дің өңірлік дамуы мен жергілікті биліктің халық алдындағы жауап­кершілігіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Жиын барысында Мемлекет басшысы аймақтардың дамуы – елдің қуаты мен тұрақтылығының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтті. Өңір­лердің әлеуетін көтеру, жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін күшейту және халықпен тұрақты әрі ашық байланыс орнату мәселелері кеңінен сөз болды.
Форумда көтерілген негізгі мәселелердің бірі билік пен халық арасындағы ашық әрі түсінікті диа­логтың маңызы дер едім. Президенттің айтуынша, азаматтардың өтініштері мен мәселелері ең ал­дымен жергілікті деңгейде қаралып, уақытылы шешімін табуға тиіс. Себебі кей жағдайда тұрғындар ең қарапайым мәселелер бойынша жауап ала алмағандықтан, орталыққа, тіпті тікелей Президентке жү­гінуге мәжбүр болады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының халық пен билік арасындағы маңызды кө­пір екенін ерекше атап өтті. Депутаттар тұрғындардың мәселесін көтеріп қана қоймай, олардың ше­шілуіне ықпал етуі қажет. Аймақтардың дамуы мен халықтың билікке деген сенімі де осы жұ­мыстың сапасына тікелей байланысты екені айтылды.
Меніңше, бүгінгі форум жергілікті басқарудың маңызы бұрынғыдан да арта түскенін тағы бір рет көрсетті. Аймақтардың дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, ең алдымен, халықтың күн­­­­делікті мәселесінің қаншалықты жедел әрі әділ шешілуімен өлшенеді. Сондықтан мәслихат де­путаттары тек формалды өкіл емес, ел мен билік арасындағы сенімді байланысты қалыптастыратын тұл­ға болуға тиіс деп ойлаймын", – дейді депутат.