Азаматтық қоғамы енжар ел дамымайды

Бүгін, 15:15 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзден алынды

Азаматтық қоғам – мемлекеттік биліктен тәуелсіз қоғамдық бірлестіктердің, қозғалыстардың, кәсіби және ерікті ұйымдардың жиынтығы. Бұл институттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік мәселелерді шешу, мемлекеттің жауапкершілігін арттыру сияқты маңызды міндеттерді атқарады. Қазақстанда азаматтық қоғам демократиялық институттарды дамыту, ашықтық пен жауапкершілікті нығайтуды қамтамасыз етудің негізгі жолы болып отыр.

Елімізде азаматтық қоғам инс­ти­тут­тары тәуелсіздік алғаннан бері бір­тін­деп қалыптасып, саяси, әлеуметтік және эко­номикалық дамудың маңызды бөлігіне ай­налды. Азаматтық қоғамды дамыту – де­мократиялық үрдістердің орнығуына, ха­лық­тың құқықтық мәдениетінің артуына ж­әне мемлекеттік басқарудың ашықтығын қам­тамасыз етуге ықпал ететін басты фак­торлардың бірі. 
Кейінгі 30 жылда үкіметтік емес ұйым­дар саны 100-ден 22 мыңға дейін көбейген. Олар­дың ішінде экологиялық қозғалыстар, жас­тар ұйымдары, адам құқығын қорғау ұйым­дары, кәсіби бірлестіктер және қайы­рым­дылық қорлары жұмыс істейді. Аза­мат­тық қоғам институттары маңызды әлеу­мет­тік мәселелерді көтеріп, мемлекеттік ше­­­­шімдерге ықпал етуге ұмтылып отыр. Со­нымен қатар азаматтық белсенділік ин­тернет алаңдарына көшіп, онлайн-пе­ти­ция­лар, қоғамдық талқылаулар, ақпа­рат­тық науқандардың маңызы артты. Мем­ле­кет қоғамдық кеңестер, гранттық қар­жы­лан­дыру жүйесі арқылы ҮЕҰ-лармен өзара бай­ланысты күшейтуде.
Бізде тіркелген ҮЕҰ қызметінің бағыт­тары да әртүрлі: ҚР заңнамасына қайшы кел­мейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар ба­ғыттар – 15,97 пайыз, халықтың әлеу­мет­тік осал топтарын қолдау – 14,65 пайыз, де­не шынықтыру және спорт – 12,78 пайыз, азаматтардың, ұйымдардың заңды мүд­делері мен құқықтарын қорғау – 11,35 пайыз, білім және ғылым – 7,09 пайыз, қо­ғам­дық келісімді және жалпыұлттық бір­лік­ті нығайту – 5,03 пайыз, қоршаған ор­та­­ны қорғау – 3,30 пайыз, азаматтық қо­ғам­­ды дамытуға жәрдемдесу – 2,13 пайыз, от­басылық-демографиялық және гендерлік мә­селелерді шешу – 1,86 пайыз, мемлекеттік қыз­мет көрсету сапасына қоғамдық мо­ни­то­ринг жүргізу – 0,54 пайыз, халықты жұ­­­­­­­мыс­­пен қамтуға көмектесу – 0,50 пайыз. 
Азаматтық бастамаларды қолдау ор­та­лығы мен Мәдениет және ақпарат ми­нистр­­лігінің деректеріне сүйенсек, белсенді жұ­мыс істейтін ұйымдардың үлесі ша­ма­мен 30-35 пайыз (яғни, 7-8 мың айна­ла­сын­да). Ал ҮЕҰ дерекқорына жыл сайын ша­­­мамен 5-6 мың ұйым ғана өз қызметі ту­ралы есеп тапсырады екен. Бұл – мем­ле­кет­­тік гранттар мен тапсырыстарға үміт­кер, заң алдында жауапкершілігін сезінетін ұйым­дар. 
Жалпы, азаматтық қоғамды дамы­ту­ға нақты үлес қосып жүргендер­ді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ – грант алушылар. Олар мемлекеттік тап­сы­рыс­пен жұмыс істейтін, нақты әлеуметтік мә­селелерді шешетін ұйымдар. Екіншісі ха­­лықаралық донорлармен жұмыс істей­тін­дер. Оған құқық қорғау, медиа және сая­­си реформалар бағытындағы кәсіби ұйым­­дар кіреді. Үшінші топ – грантқа қа­ра­май, қоғамдық негізде жұмыс істейтін кі­шігірім бастамашыл топтар: еріктілер мен белсенділер. 
Елімізде ҮЕҰ-лардың арасында белгілі бір бағытқа маманданған, өз жұмысын же­тік меңгерген принципшіл ұйымдардың үле­сі аз. Ең басты себептерінің бірі – қар­жы­ландыру көзіне тәуелділік. Яғни, мем­лекеттік тапсырыс немесе грант қай та­қы­рып­та (экология болсын, патриотизм бол­­сын) жарияланса, ұйым соған бейімделе са­лады. Мұндайды сарапшылар «грант ау­лаушылар» деп атайды. 
Мамандану деңгейі мен прин­цип­шіл­дігіне қарай ҮЕҰ-лар мамандандырылған жә­не әмбебап деп бөлінеді. Бізде нақты бір са­ланың «жілігін шағып, майын ішкен», өз ба­ғы­тынан таймайтын ұйымдар ресми тір­келген 22 мың ішінде өте аз. Сарапшылар бел­сенді ұйымдардың үлесі 10-15 пайыздан (ша­мамен 800-1000 ұйым) аспайды дейді. Бұл топқа құқық қорғау орталықтары (жыл­дар бойы тек адам құқығы, сөз бос­тан­дығы немесе сот жүйесімен айналы­са­тындар), экологиялық ұйымдар (нақты ай­мақтың немесе нақты мәселенің (Кас­пий, Арал, ауа сапасы) соңына түсетіндер), диагнозға негізделген қорлар (аутизм, Даун син­дромы немесе сирек кездесетін ауруы бар балалардың ата-аналары құрған ұйым­дар) жатады. Олар басқа бағытқа ауыс­пай­ды, өйткені олардың мақсаты – өмірді өз­гер­ту. 
Мысалы, білім беру саласындағы инклю­­зияны енгізу немесе әлеуметтік кә­сіпкерлік туралы заңдардың қабылдануы дәл осы принципшіл ҮЕҰ-лардың кәсіби та­­­бандылығының нәтижесі. Олар билікке мәс­елені айтып қана қоймай, оны шешудің ғылыми жолдарын ұсынды.
Бүгінде азаматтық қоғамның ең бел­сенді әрі нәтижелі бағыттарының бірі – экология. Бұл саладағы ҮЕҰ-лар мен бас­тамашыл топтар жай ғана табиғатты қор­ғауға үндеп қоймай, мемлекет пен ірі биз­нестің экологиялық саясатына тікелей ық­пал ететін кәсіби күшке айналды.
Экологиялық белсенділіктің жаңа ке­зеңі «цифрлық мониторингпен» сипат­та­ла­ды. Мәселен, еліміздің ірі қалаларында ауа сапасын бақылайтын тәуелсіз датчик­тер желісін құру арқылы азаматтық сектор ақ­параттық ашықтыққа қол жеткізді. Бұл мем­лекеттік органдардың экологиялық мә­ліметтерді нақтылауына және атмос­фе­ра­ны қорғау бойынша стратегиялық ше­шім­дер қабылдауына түрткі болды. Яғни, аза­маттық қоғам мұнда «бақылаушы» ғана емес, нақты деректер ұсынатын «сарапшы» рө­лін атқарып отыр.
Экологиялық ұйымдардың «алтын қо­ры» жаңа Экологиялық кодекстің қабыл­дануы­на, кәсіпорындарға қойылатын та­лап­тардың күшеюіне және қоршаған ор­та­ға әсерді бағалау процесіне қоғамның қа­тысуын заңдастыруға мұрындық болды. Қа­зір кез келген ірі өндірістік жоба қоғам­дық тыңдаусыз жүзеге аспайды. 
Екінші топ – әмбебап ұйымдар, олар­дың үлесі 70-80 пайызға жетеді. Бұл ұйым­дар үшін негізгі көрсеткіш – сарап­шы­лық емес, техникалық орындау. Олар­дың құжаттарында қызмет түрі де көп. Бүгін «жемқорлыққа қарсы күрес» бойынша дөң­гелек үстел өткізсе, ертең «отбасы құн­ды­лықтарын» насихаттай береді. Оларда тұ­рақты маман болмайды. Грант алған кез­де ғана сырттан сарапшы жалдайды. Мұн­дай жұмыс жүйелі өзгеріс әкелмейді. Сон­дықтан азаматтық қоғамның сапасы са­нында емес, жоғарыда атаған 10-15 пайыз­­­­дық мамандандырылған «алтын қор­да». Олар – мемлекеттік органдарға тең дә­­ре­­желі серіктес немесе конструктивті оп­­по­нент бола алатын жалғыз күш.
Азаматтық қоғамның «алтын қорына» жа­татын, мемлекетпен тең дәрежеде диалог ор­на­тып, нақты салалық реформаларға ық­пал етіп жүрген ұйымдардың қызметі – на­ғыз кәсібилік пен принципшілдіктің үлгісі. Олар грантқа бейімделмейді, керісінше, мем­лекеттік саясаттың тиімділігін арт­тыруға атсалысады. Грант болсын-бол­ма­сын, өз тақырыбын 10-20 жыл бойы зерт­тей­ді. Ал олардың деректері мен зерттеулері мемлекеттік органдардың ресми ақпа­ра­ты­нан сапалырақ әрі объективті болуы мүм­кін. Мұндай ұйымдар тек мемлекеттік тап­сырысқа қарап отырмайды, халық­ара­лық донорлардан, бизнестен және ха­лық­тан қаржы жинай алады.
Азаматтық қоғамның негізгі сипаты – де­мократиялық институттар: тәуелсіз сая­си партиялар мен ақпарат құралдары, қо­ғам­дық қозғалыстар һәм үкіметтік емес ұйым­дар. Билік пен қоғам арасында тұрақ­ты диалог орнаса, мемлекет тұғыры нығая­ды. Сондықтан аса маңызды міндеттерді тал­қылауға азаматтық қоғамды кеңінен тар­ту маңызды.
Азаматтық қоғамы енжар елдің заман та­лабына сай дамуы қиын. Мемлекеттік би­лік пен азаматтық қоғам құстың қос қа­наты сияқты: бірінсіз бірінің күні жоқ. Бұл – жай ғана әдемі теңеу емес, мемлекетті бас­қарудың ең тиімді формуласы. Егер би­лік шешім қабылдаушы тетік болса, аза­маттық қоғам сол шешімдердің өмір­шең­ді­гін бақылайтын және халықтың шынайы қаж­еттілігін жеткізетін басты күш.
Мемлекет пен қоғамның тепе-тең­дігі «өзара жауапкершілік» қағида­ты­на негізделуге тиіс. Мемлекет тарапынан қо­лайлы заңнамалық орта мен ақпараттық ашық­тық қажет болса, азаматтық сектор­дан сауаттылық пен конструктивті ұста­ным талап етіледі. Егер азаматтық қоғам тек сын айтумен шектелсе, ол – әлсіздік. Ал егер мемлекет қоғамдық пікірді ескермесе, ол –тоқырау. Бүгінде Қоғамдық кеңестер мен цифрлық платформалар бұл бай­ла­ныстың техникалық көпіріне айналды. Алай­да бұл тетіктердің тиімділігі оған қа­ты­сатын тұлғалардың азаматтық белсен­ді­лігі мен адалдығына тікелей байланысты.
Әлеуметтік желілер мен медиа ресурс­тар азаматтық қоғамның дамуын жедел­дет­ті. Бұл – қоғамдық бақылаудың жаңа фор­масы. Кез келген заңсыздық немесе бюд­жеттің тиімсіз жұмсалуын халық ба­қылай алады. Дегенмен шынайы азаматтық қо­ғам тек желі­дегі «лайк» пен пікір емес, ол – нақты іс, заң аясындағы талап және мем­ле­кетті да­мытуға бағытталған ортақ еңбек.
Қоғам мен мемлекеттің мақсаты – бір. Тұрақ­тылық пен өркендеу. Ол үшін құстың қос қанатындай екі тарап та тең дамуы, бір-біріне сеніммен қарауы және ортақ жауапкершілікті сезінуі шарт. Азаматтық қоғамның «алтын қоры» нығайған сайын, мем­лекеттің де іргесі беки түспек.

А.БИМЕНДІ