Цифрлық білім – маңызды қадам

Бүгін, 14:15 / Дана Ізтілеуова

Қазіргі білім беру кеңістігі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына сай жаңарып келеді. Мектептерде оқушылардың тек теориялық білім алып қана қоймай, заманауи технологияларды еркін меңгеруі маңызды міндеттердің біріне айналды. Осы бағытта мектептерде білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам жасалып жатыр. 

Елордадағы №8 мектеп-лицейде CYBERPACK.Ai толықтай заманауи жаб­дықтармен қамтамасыз етілген жаңа бі­лім беру кабинеті салтанатты түрде ашыл­ды. Кабинеттің дизайны мен тех­ни­ка­лық жабдықталуы оқушылардың ыңғай­лы білім алуына, шығармашылық және зерт­теу дағдыларын дамытуына бағыттал­ған.
Жаңа кабинетте оқушылар STEAM, цифр­лық технологиялар және жасанды ин­теллект бағытында тәжірибелік жұмыс­тар жүргізіп, заманауи құралдар арқылы бі­лім алу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл бастама білім беру ұйымдарында инновациялық оқу ортасын қалып­тас­тыру­ға және мектеп оқушыларының зама­науи технологиялар саласындағы құзы­рет­тіліктерін дамытуға бағытталған.
Кабинеттің ашуылуымен қатар «Жа­сам­паздық мектебі: STEAM және AI құрал­дары арқылы білім берудің заманауи мо­делі» тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырылды. 
Іс-шара барысында мұғалімдер жаңа платформаның мүмкіндіктерімен таны­сып, оны сабақ үдерісінде қолданудың прак­тикалық жолдарын талқылады.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында STEAM бағыттарын да­мыту, жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне енгізу және мектептердің цифр­лық трансформациясын қолдау. Іс-шара барысында қатысушылар білім беру жүйе­сіндегі заманауи технологиялардың мүм­кіндіктерімен танысып, иннова­ция­лық білім беру шешімдері мен тәжіри­бе­ле­рін алмасады.
Практикалық семинар барысында ұстаз­дар платформаның мүмкін­дік­­­терін нақ­ты мысалдар арқылы көрсетті. Мұға­лім­дер табиғат құбылыстарын мо­дель­­деу, деректерді талдау және интерак­тив­ті тапсырмалар арқылы оқушылардың са­баққа қатысу белсенділігін арттыру тә­сіл­дерін таныстырды. Қатысушылар жаңа цифрлық құралдардың оқу процесін қы­зық­ты әрі тиімді етуге зор ықпал ететінін атап өтті.